Қазақстан • 18 Наурыз, 2017

Елордада «Отбасы – Ұлы құндылық» монументі ашылды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласы Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимараты жанында дәстүрлі отбасылық құндылықтарға бағышталған «Отбасы – Ұлы құндылық» мүсіндік композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Елордада «Отбасы – Ұлы құндылық»  монументі ашылды

Монументтің салтанатты ашылуына Жоғарғы Соттың судьялары Г.Б.Аққуова, З.Б.Кейкібасова, У.А.Сүлейменова, Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев, ювеналды соттың төрағасы Н.Р.Раззақ, Астана қаласының аудандық және оған теңестірілген соттардың өкілдері мен отставкадағы судья И.И.Керн, ювеналды полицияның өкілдері, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар (ЭНИСЕФ, PRI, Қазақстандағы Европалық одақ), мүсіндік композицияның авторы Р.Ж.Абенов қатысты.

Ювеналды соттың ғимараты алдына қойылған монументтің авторы мүсінші Р.Ж.Абенов. Монументті құрудың  бастамашысы ретінде ҚР Жоғарғы Соты танылады. Көп пішінді «Отбасы – Ұлы құндылық» мүсінді композициясы стильді пішінді композицияны білдіреді.

Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е.Бәрпібаев, ескеркіштің құрылуына үлес қосқан барлық азаматтарға алғысын білдіріп, композиция бірліктің, толыққанды отбасының маңыздылығы мен қолдауын,  рухани байланысқан, тұрмысы ортақ және өзара моральді жауапкершілікпен құралған некеге негізделген жұбайлардың, балаларын қосқанда,  қоғамның ұясы болып табылатынын тілге тиек етті.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар ескеркішке гүл шоқтарын қойды.

 

Соңғы жаңалықтар