Қаржы • 18 Наурыз, 2017

Теңге мен мұнай бағасы аптаны «плюспен» жапты

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE-нің таңғы сессиясы қорытындысы бойынша, бүгін, 18 наурызда 1 АҚШ доллары 315,38 теңгеге теңесті.

Теңге мен мұнай бағасы аптаны «плюспен» жапты

Осылайша, алты күннің ішінде доллардың бағамы 318 теңгеден шамамен 3 теңгеге арзандады.

Өз кезегінде мұнай бағасы апта басынан бері 51,02 доллардан 51,70 долларға дейін жетті. Бүгін Астана уақытымен 11:35-те Брент маркалы мұнай құны 51,70 долларға теңесті.

Айта кетейік, аптаның ортасында шикізат құны 52 доллардан асып, қайта арзандаған.

Соңғы жаңалықтар