Еліміздің батысы, оңтүстік-шығысы, шығысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, деп хабарлады «Қазгидромет».
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында тұман байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі.
Қостанай, Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, түнде тұман, көктайғақ күтіледі.