Қазақстан • 20 Наурыз, 2017

Астана қаласының әкімі Наурыз мейрамымен құттықтады

820 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімі Әсет Исекешев елордалықтар мен қала қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.

Астана қаласының әкімі Наурыз мейрамымен құттықтады

«Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Бұл - өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілейтін, ақ көңіл, адал жүрек, дос құшақтарды айқастыратын қадірлі күн. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелте берсін.

Әз Наурыздың өн бойында сан ғасырлық бабалар жолы мен ұлттық салт-дәстүріміздің өрнегі сайрап жатыр. Ұлыстың Ұлы мерекесі кең байтақ жерімізге, егемен елімізге бақыт пен шаттық, ырыс пен береке сыйласын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ынтымақ, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!» - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар