Шешуші сында жеңіс Батыс Қазақстан облысының өкілі Нұргүл Асановаға бұйырды. Бірінші орынға қызылордалық Зуxра Сайпи иелік етсе, ақтөбелік Гүлжанат Жұмажанова екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті қарағандылық Әйгерім Орынбекова түйіндеді.
«Қазақ аруы» сұлулық байқауы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Биылғы сайысқа еліміздің әр аймағынан іріктелген 16 ару қатысты. Жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын «Қазақ аруы» байқауы бірнеше кезеңнен тұрады.
Айта кетейік, сұлулық байқауы осымен жетінші рет өтіп отыр. Былтыр байқаудың жеңімпазы атыраулық Альмира Ахатова болған еді.