Бокс • 20 Наурыз, 2017

Головкинмен жұдырықтасқым келеді ­– Сондерс

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 KO) WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинмен (37-0, 33 KO) жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Головкинмен жұдырықтасқым келеді ­– Сондерс
«Мен қайда болсын баруға дайынмын. Қазақстанда өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы ойлап, алаңдамаймын. Головкинмен тіпті, далада болсын айқасудан қашпаймын. Ол WBO белбеуін қалайды ма, мен оны ортаға саламын», - деді британ боксшысы.

«Головкиннің мықтылығына күмән келтірмеймін. Бірақ ол әлі мен сияқты боксшымен жұдырықтасқан емес. Джейкобс оған лайықты қарсылық көрсете білді. Бірақ Дэни менің деңгейімдегі боксшы емес», ­- деді Сондерс.

34 жастағы Головкиннің орта дивизионда абсолютті чемпион атануы үшін тек WBO белбеуі жетпей тұр. Алдағы күндері Головкин мен Сондерс өкілдері жекпе-жек жөнінде келіссөздер өтуі тиіс. Алдын-ала мәліметтер бойынша бокс кеші 17 маусым күні Астанада өтуі мүмкін.

Айта кетейік, кеше қазақстандық боксшы америкалық Дэниел Джейкобспен 12 раундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар