«Головкиннің мықтылығына күмән келтірмеймін. Бірақ ол әлі мен сияқты боксшымен жұдырықтасқан емес. Джейкобс оған лайықты қарсылық көрсете білді. Бірақ Дэни менің деңгейімдегі боксшы емес», - деді Сондерс.
34 жастағы Головкиннің орта дивизионда абсолютті чемпион атануы үшін тек WBO белбеуі жетпей тұр. Алдағы күндері Головкин мен Сондерс өкілдері жекпе-жек жөнінде келіссөздер өтуі тиіс. Алдын-ала мәліметтер бойынша бокс кеші 17 маусым күні Астанада өтуі мүмкін.
Айта кетейік, кеше қазақстандық боксшы америкалық Дэниел Джейкобспен 12 раундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.