Қазақстан • 20 Наурыз, 2017

Қарағандыда Наурыз мерекесінде 30-дан астам киіз үй тігіледі

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қарағандыда Наурыз мейрамына орай облыстық өлкетану музейінің қызметкерлерімен арнайы киіз үйлерде экскурсиялар өткізбек. Мамандар қала тұрғындарына қазақ халқының салт-дәстүрлері, ата-бабаларымыздың өмір сүру салты туралы әңгімелейді.

Қарағандыда Наурыз мерекесінде 30-дан астам киіз үй тігіледі

Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күнін тойлау кезінде Бұқар жырау даңғылы жабылмай, киіз үйлер орталық саябақта тігіледі деп күтілуде. Халықтың жаппай серуені де сол аймақта өтпек. Мереке күндері жауынгер-интернационалисттер көшесінің бойында және каскадтық сатыда түрлі ұйымдардың 33 киіз үйі, 27 сауда шатыршалары, үстелдер орнатылмақ. Сондай-ақ, бауырсақ пен палау әзірленіп, арнайы құрылған шатырларда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Экскурсия жүргізілетін киіз үйлер мен «шеберлер қалашығы» жұмыс істейтін болады.

Киіз үйлер 21 наурызда орнатылып, басты мерекелік шаралар 22 наурызда өтпек. Саябақ сахнасында көпшлік назарына мюзикл ұсынылады, ал өзеннің жағасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар