Президент • 23 Наурыз, 2017

Өзбекстанның жаңа басшылығы барлық кедергілерді алып тастады - Елбасы

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті және Өзбекстан Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев келіссөзден кейін баспасөз өкілдеріне арнап мәлімдеме жасады.

Өзбекстанның жаңа басшылығы барлық кедергілерді алып тастады - Елбасы

Қазақстан басшысы соңғы айдың ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың қаншалық жетістіктерге жеткені туралы әңгімеледі.

«Кейінгі уақытта біздің қарым-қатынас мүлдем басқаша дами бастады. Соңғы бес айдың өзінде екі ел арасындағы сауда айналымы екі жақтан да 30 процентке өсті. Оның ішінде бұрын жеткізілмеген жаңа тауарлар да бар. Жаңадан төрт сауда үйі ашылды. Бұған дейінгі уақыттың бәрімен салыстырғанда астықты 30 процентке, өзбек жемісі мен көкөнісін 25 процентке көбірек кіргіздік. Бұл Өзбекстан жаңа басшылығының сауданы дамытуға барлық мүмкіндік бергені және кедергілерді алып тастағаны арқасында болды» деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында ешқандай проблема жоқ екенін айтты. «Өзбекстан мен Қазақстан арасында бүгінде мейлі территориялық, мейлі шекаралық, мейлі саяси, мейлі экономикалық болсын, шешілмеген ешқандай мәселе жоқ. Біз қазір жаңа ашылған таза парақ сияқтымыз. Оны енді халықтарымыздың игілігіне арналған игі істермен толтыруымыз керек» деді Елбасы. 

Соңғы жаңалықтар