«Қазгидромет» РМК Алматы облысында қар көшуі мүмкіндігіне байланысты ескерту жариялады.
«Алматы облысының таулы аймақтарында қар жамылғысының қалың болуы және жылымықтың салдарынан 24-26 наурыз аралығында қар көшкіні болуы ықтимал», – делінген хабарламада.
Көшкін қаупіне байланысты ірі тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.