Жекпе-жек АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өтті. Оның қарсыласы – 24 жастағы америкалық Риарус Дадли. Айқастың екінші раундында Айдос техникалық нокаутпен жеңді. Америкалық былтыр тағы бір қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібайдан (4-0, 2 КО) жеңілген болатын.
Айдос Ербосынұлы АҚШ-та алғаш рет шаршы алаңға шығып тұр. Осыған дейін оның айқасы Нью-Йоркте 2 наурыз күні өтетіні хабарланған.
Ол кәсіпқой бокстағы бастапқы екі кездесуін 2015 жылы Украинада өткізсе, келесі екеуінде Қазақстандағы бокс кешінде шыққан.
Айта кетейік, әуесқой бокста ол Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанса, «Astana Arlans» сапында Дүниежүзілік бокс сериясында жеңіске жетті.