Қазақстан • 24 Наурыз, 2017

Қытай елшісі: Қытайлықтар Димаш арқылы Қазақстанды таныды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы баспасөз мәслиxатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьxуэй Димаш Құдайберген туралы ойымен бөлісті.

Қытай елшісі: Қытайлықтар Димаш арқылы Қазақстанды таныды

"Димаш - Қазақстан үшін үлкен бонус. Мен сіздерді оның жеңісімен құттықтаймын. Негізінен, Хунан телеарнасы Қытайдың ең танымал арналарының бірі. Ондағы бағдарламаларға көбіне танымал адамдар қатысады. Бірақ, шетелдік жұлдыздар өте сирек шақырылады. Ал Димаштың жеңісі - үлкен жетістік. Оны қытайлықтар, әсіресе жастар өте қатты жақсы көреді. Көрермендер оның тек әніне ғана емес, мінезіне де тәнті. Ол қазақ болмысын танытып жүр. Себебі бойына қазақ елінің мәдениетін сіңірген. Яғни, Қытай телекөрермендері Димаш арқылы Қазақстанды таныды. Димаш Қытайда өз ісін ашса, сөзсіз табысқа кенеледі. Екіншіден, Димаш басқа да қазақстандық жұлдыздарға Қытайдың мәдени нарығына шығып, оны бағындыруға болатынын көрсетті", деді Елші. 

Арнұр Асқар, "Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38