Қазақстан • 24 Наурыз, 2017

​Қытайлық туристер ЭКСПО-ға үлкен топ болып келеді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайлық туристер Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде Қазақстанға келуге психологиялық жағынан әзір. Бұл туралы ҚХР Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.

​Қытайлық туристер ЭКСПО-ға үлкен топ болып келеді

– ЭКСПО кезінде Қазақстанға келетін қытайлық туристердің саны туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Дегенмен, қазір туристік операторлар осы іске жұмылып жатыр. Қытайлық туристер Қазақстанға саяхаттауға психологиялық жағынан дайын. Бұрын олар қазақстанның табиғаты, саяхаттайтын көрікті жерлері, тарихи орындары туралы онша біле қоймайтын. Қазір біршама хабардар,– деді Чжан Ханьхуэй. 

Қытай елшісінің айтуынша, ЭКСПО көрмесіне қытай делегациясы айтарлықтай үлкен топ болып келеді.

Арнұр Асқар,гемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53