– Біздің павилондарымыздың ауқымы басқаларымен салыстырғанда үлкен. Сонымен қатар, біз оны жабдықтауды да басқа елдерден бұрын бастадық,– деді Чжан Ханьхуэй мырза журналистерге берген сұхбатында.
Елші Қазақстанға келетін қытайлық туристердің саны туралы нақты дерек айтпады. Оның сөзіне қарағанда, қазір туристік операторлар осы іске жұмылып жатыр. Қытайлықтар Қазақстанның табиғаты, саяхаттайтын көрікті жерлері, тарихи орындары туралы қазір біршама хабардар болды.