Қазақстан • 24 Наурыз, 2017

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану азайып келеді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2,3 есеге азайып, осы дерттен болатын өлім-жітім 5 есеге қысқарған. Бұл туралы ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Жұмағали Исмаилов мәлім етті.

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану азайып келеді

Алматыда өткен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған конференцияда бірқатар өзекті мәселелер сөз болды.  

Мамандар студенттер мен мигранттар арасындағы жұқпалы ауруды анықтау мен емдеудің қолжетімділігін талқылады. Жаңа дәрілерді қолдануға да тоқталды. Туберкулезге қарсы күреске биыл мемлекеттен 35 миллиард теңге бөлу қарастырылған.  

«Жалпы Қазақстанға келсек, өткен жылдың нәтижесі бойынша туберкулездің аурушаңдығы 9,9 пайызға төмендеп, ал оның таралуы яғни бірінші рет ауырған мен рецидивтік түрлері 13 пайызға төмендеп отыр. Балалардың арасында туберкулездің таралуы 21,6 пайызға төмендеді. Ал туберкулездің салдарынан болатын өлім-жітім 17 пайызға төмендеп отыр», дейді Жұмағали Исмаилов.

Соңғы жаңалықтар