Медицина • 25 Наурыз, 2017

Атырауда халық санағы жүріледі

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Атырауда облыс орталығы тұрғындарының санағы өтетін болды. Ол 1 сәуірден басталады, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Атырауда халық санағы жүріледі

«Халық санағын өткізу шешімі денсаулық сақтау жүйесіне міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты. Біз көп пәтерді және жекеменшік үйлерде тұратын отбасы мүшелерінің санын ғана емес, сонымен бірге бір адамға шаққандағы олардың табыс деңгейін айқындаймыз. Бұл жұмыссыздардың және әлеуметтік әлсіз отбасылардың санын анықтауға мүмкіндік береді.  Күнкөріс деңгейі төмен отбасылар әлеуметтік көмекке жүгінсе, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға тырысамыз», - деді Жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлнәр Құспанова. 

Санақ жүргізетін жедел топқа учаскелік полицейлер, медбикелер, жұмыспен қамту орталығының мамандары, білім беру бөлімінің қызметкерлері, әкімдік бөлімдерінің мамандары кіреді

Санақ жүргізудің  елдегі жаппай тіркелу, пәтер жалдаушылар тұратын, салық төлемейтін пәтерлер мен үйді анықтаумен байланысы жоқ.

Соңғы жаңалықтар