Оқиғаның салдарынан 9 адам қайтыс болып, тағы екі адам зардап шекті. Қазіргі таңда онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қирандылардың астында қалған адамдардың нақты саны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
24 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-лер шамасында елдің шығысында орналасқан Цзянси провинциясында құрылысы жүріп жатқан электр станциясының салқындатқыш мұнарасы құлады. Соның салдарынан 74 адам құрбан болып, тағы екі құрылысшы жарақат алған болатын.