Бүгінге дейін екі құрама 5 рет кездесу өткізген. 1 ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы жеңіске жеткен болса, 3 ойында Армения құрамасының мерейі үстем болған. Ал, 1 ойын тең аяқталған.
FIFA-ның (Халықаралық футбол федерациясы) наурыз айындағы рейтингі бойынша еліміздің футбол құрамасы 357 ұпаймен 94 орында келеді. Ал, бүгінгі қарсыластарымыз 414 ұпаймен 85 сатыда орналасқан.
Айта кетейік, бүгінгі ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
2012 жыл. Жолдастық кездесу: Армения-Қазақстан 3:0 (3:0)
2008 жыл. Жолдастық кездесу: Армения-Қазақстан 1:0 (0:0)
2007 жыл. Еуропа чемпионатына іріктеу, A тобы: Армения-Қазақстан 0:1 (0:0)
2007 жыл. Еуропа чемпионатына іріктеу, A тобы: Қазақстан –Армения
1:2 (0:2)
2004 жыл. Халықаралық турнир, Плей-офф 5-8 орын үшін: Қазақстан-Армения 3:3 (пенальти 3:2)