Әлем • 26 Наурыз, 2017

​Скотланд-Ярд: Лондондағы террорлық оқиғаны жалғыз адам жасаған

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Лондон террорисі» жалғыз өзі болған. Болашақта оның қайта лаңкестік жасау мүмкіндігі жоқ, деп мәлімдеді Скотланд-Ярд (Англиядағы полиция органдарының штаб пәтері-ред).

​Скотланд-Ярд: Лондондағы террорлық оқиғаны жалғыз адам жасаған

«Бәріміз оның қандай мақсатпен теракт жасағанын ешқашан біле алмаймыз. Оның құпиясы өзімен бірге қайтыс болды... Ол бұл оқиғаны жалғыз өзі жасаған. Ол - факт», - дейді Лондондық полиция басшысының орынбасары Нейл Басу. 

Айта кетейік, Лондондағы теракт сәрсенбі күні туристер ең көп келетін Westminster көпірінде болған. Жанкешті көлікпен көпірдің жанындағы жаяу жүргіншілер жолына шығып, бірнеше адамды басып кеткен. Сондан кейін, Парламент ғимаратына қарай беттеген жерінен оны полиция қызметкерлері тоқтатқан.  Қылмыскер полици қызметкеріне пышақ сұғып, артынан өзі қайтыс болған. 

Терроршы деп танылған 52 жастағы Халид Масуд Британия азаматы. Соңғы мәліметтер бойынша, теракттан 4 адам қайтыс болып, 10 елдің 50 азаматы түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.

Соңғы жаңалықтар