Қазақстан • 27 Наурыз, 2017

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы жарияланды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы жарияланды

Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2017 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялайды.

Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2017 жылғы сәуірдің 1-нен  30-на дейін беріледі.

Толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан алуға болады.


Соңғы жаңалықтар