Хоккей • 27 Наурыз, 2017

«Торпедоның» қарсыласы тегеурінді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасындағы плей-офф кезеңінің кезекті сынынан сүрінбей өткен Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубының жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды. Ол ұжым – «СКА-Нева» (Санкт-Петербург) командасын жеті ойыннан тұратын жекпе-жекте 4:3 есебімен жеңіп шыққан Түменнің «Рубин» хоккей клубы.

«Торпедоның» қарсыласы тегеурінді

Жартылай финалдың жолдамасы үшін болған сында ЖХЛ тұрақты чемпионатының жеңімпазы «Торпедо» Санкт-Петербургтің «Динамо» командасын жеті матчтан тұратын се­рияда 4:3 есебімен ұтқан болатын.

Енді өскемендіктер жартылай финалдың алғашқы екі кездесуін 28-29 наурыз күндері өз айдынында өткізеді. Келесі екі матч 1 және 2 сәуір күндері Түменде ойналады. Егер бұл кездесулер жеңімпазды анық­тамайтын болса, онда 5, 7 және 9 сәуір күндері ойындар сериясы жалғасын табатын болады.

Екінші жартылай финалда Динамо (Балашиха) мен «Зауралье» (Қорған) командалары күш сынасады.

Еске салар болсақ, «Тор­педоға» кез болған қарсылас – «Рубин» клубы 2011 жылы Братина кубогын ұтып алған азулы да тәжірибелі ұжым. Бұдан бөлек, түмендіктер 2013-14 маусымда да турнирдің фи­на­лына шыққан. Бірақ ол жолы «Рубин» Қарағандының «Сары­арқасынан» ұтылған болатын.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар