Табиғи апат Праяградж, Пратапгарх, Бхадохи, Фатехпур, Уннао, Канпур-Дехат, Чандаули, Сонбхадра және Бадаун аудандарында кең тараған. Кейбір өңірлерде жел ағаштарды тамырымен жұлып, электр желілерін құлатып, тұрғын үйлерге зақым келтірген.
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Салдарынан тұрғындардың басым бөлігі қабырға мен қалқандардың астында қалып қойған. Олардың дауылдан қорғану үшін паналаған жерлердің өзі опырылып түскен. Сонымен қатар найзағай түсуі мен құлаған ағаштар да адам өліміне себеп болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар саны 53 адамға жеткен. Сондай-ақ табиғи апат салдарынан 114 мал қырылғаны хабарланды.
Қазіргі уақытта нақты шығын көлемі анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы төленетіні айтылды.
Еске сала кетейік таяуда Павлодар облысында болған дүлей дауыл салдарынан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түскен болатын.