Аймақтар • 27 Наурыз, 2017

Балаларға бақылау болмаса...

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қараөткел ауылында баланың денсаулығына физикалық және психологиялық тұрғыда зиян келтіретін компьютерлік және желілік ойындарға құнығудың алдын алуға қатысты ата-аналардың өңірлік жиыны өтті.

Балаларға бақылау болмаса...

Мұндай жиынның өтуінің өзіндік себебі бар. Соңғы кезде интернет желілері арқылы балалардың өз-өзіне қол салуын мәжбүрлейтін сайттар әш­кере бола бастады. Оның үс­­тіне, бала психологиясы­на теріс әсер ететін ойын­дар қап­­­тады. Осындай келеңсіз­дік­­­тердің алдын алу үшін Ас­та­­­на­­дағы «Келешек» пси­хи­ка­­лық орталығының маман­дары Ақгүл Молдабекова мен Сер­гей Советкин ата-ана­лар­ға интернеттің теріс ық­па­лын, ойындар мен әлеу­мет­тік желі­лердің кері әсерін түсін­дір­ді. Бұл ретте облыстық бі­лім бас­қар­масының басшысы Ба­лым Ізбасарова тех­ноло­гия­ның да­мыған ғасы­рында бала­ны теріс ақпарат­тар­дан қор­ғау қиын­дай түске­ніне на­зар аудар­­ды. «Бүгінде әлеу­мет­­тік желі­лер­де «Синий кит», «Тихий дом», «Беги или умри» сияқ­ты өзі­не қол жұмсауға алып келе­­­тін заңсыз ойындар қаптап кеткен. 

Күш көрсету мен өз-өзіне қол салуға алып келетін қауіпті ойындар алдымен Ресейде таралып, артынан Қырғызстанда жалғасын тапты. Ал біздің өңірде бес баланың аталған ойындарға қатысқаны анықталды. Бала­лардың өз-өзіне қол салуының алдын алу мақсатында ата-аналарды балаларының жүріс-тұрысын қадағалауға шақырамыз. Проб­лемадан теріс айналуға немесе елемеуге болмайды. Сондықтан балаларымызға көңіл бөлейік», деді Б.Ізбасарова.

Ал психолог Ақгүл Молда­бекованың айтуынша, егер жеткіншек өз ісіне берілген болса және оның қызығушылығын қолдайтын достары бар болса, онда ол бала өз алдына мақсаттар мен міндеттер қоя алады. Алайда, алдымен ата-ана балаларына жақсы үлгі көрсете білуі тиіс. Бұл ретте білім басқармасы өңір­дегі ата-аналар қауымдастығын қажетті ақпаратпен толық қамту­ды көздеп отыр. Осы іспетті түсін­діру шаралары Зеренді, Жақсы және Целиноград аудандарында да өткізілді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы


Соңғы жаңалықтар