Аймақтар • 27 Наурыз, 2017

10 жыл бойы есептеспей келген

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

борышкердің баспанадан айырылатын түрі бар

10 жыл бойы есептеспей келген

Қызылжар өңірінде комму­нал­дық төлемдер бойынша қа­рызға белшеден батқан тұр­ғын­дар жыртылып-айырылады. Қазір олардың берешегі 400 миллион тең­гені құрап, сот органдарына 452 талап-арыз жолданған. 

«Севказэнергосбыт» ЖШС-нің басқарма басшысы Рүстем Рамазановтың айтуынша, берешек төлемдер үшін жыл басынан бері екі мыңға жуық пәтер электр қуатынан ағытылған. Бірақ, дүние-мүлкін тәркілеу, шет елге шығуға тыйым салу секілді қолданылған шараларға қа­рамастан, коммуналдық қ­а­рыз­дардың кемитін түрі бай­қал­май­ды. Міндетті төлемнен жалта­рып, неше түрлі қулықтарға ба­ратындар бірнеше мәрте әш­кереленген. Олардың арасын­да электр қуатын заңсыз қо­сып ал­ған­дар жиі кездесетін кө­рі­не­ді. Петропавл қаласының бір тұрғыны он жылдан бері есеп айырыспай келген. 7 адам­ның қарызы жарты миллион теңгеден асқан.

Енді сот орындаушылар коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындармен бірлесе қи­мыл­дап, тығырықтан шы­ғу­дың қа­таң жолдарын қа­рас­тыруға көш­кен. Заң аясын­да ық­­пал ж­а­сау өз нәтижесін біртін­деп бе­ре бастаған сияқты. Мә­­­се­лен, сот шешімімен бір тұ­р­­­ғ­ын­ның дүние-мүлкі тәркі­ле­не бас­тағаны сол екен, 450 мың тең­ге қарызын қолма-қол құй­­ған. «Тәркіленген дүние-мү­ліктерді сату – ұзаққа созыла­тын процесс. Қарызгерлерді та­бу да оңайға соқпайды. Был­тыр − 10, биыл 3 көлік алынды. Ара­ларында қымбат «темір тұл­­­пар­лар» да бар. Соған қа­­рағанда, ие­лері бақуатты тұ­ра­тын секілді. Не себепті уа­қтылы есеп айырыс­пайтыны тү­сініксіз», дейді жеке сот орын­дау­шы Мақсат Бисекеев. Бе­решектерін өтеуіне байланыс­ты өн­діріске жіберілген 917 істің төрттен бірі қысқартылған.

Бүгінде 3 тұрғынның пә­тер­ле­рінен айырылатыны белгілі болып отыр. Олардың кебін тағы 4 тұр­ғын киюі мүмкін.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы



Соңғы жаңалықтар