Үкімет • 27 Наурыз, 2017

Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жаңа басшысын таныстырды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұжымына жаңа басшы – Нұрлан Алдабергеновты таныстырды.

Бақытжан Сағынтаев  ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жаңа басшысын таныстырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақұлдауынан кейін ҚР Үкіметінің қаулысымен Алдаберген Нұрлан Шәдібекұлы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

«Премьер-Министр Кеңсесі алдына еліміздің Үшінші жаңғыруы мен Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жұмыстарын үйлестіру, Премьер-Министр және Үкімет қызметтерін ұйымдастыру жөнінде маңызды тапсырмалар қойылды», - деді Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсенің жаңа басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, оларды іске асыру жұмыстарына табыс тіледі.

Айта кетейік, Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы – 1962 жылы 19 қарашада дүниеге келген. 

1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2005 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде қызмет еткен. 

2011 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі - министрі болды.

Соңғы жаңалықтар