Театр • 28 Наурыз, 2017

«Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығы табысталды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік театр күніне орай тұңғыш рет тағайындалған «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығымен марапаттауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығы табысталды

Іс-шараға Парламент депутаттары, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, еліміздің танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Мемлекеттік хатшы құт­тық­тау сөзінде ел дамуындағы мәде­ниет пен өнердің маңызды рөлі­не Қазақстан Президентінің ай­рық­ша мән беретінін атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында «Мә­дени мұра» мемлекеттік бағ­дар­ламасы жүзеге асырылды, бү­гінде 52 театр табысты жұ­мыс істейді, жаңадан «Астана Опе­ра», «Астана Балет» театрлары, сон­дай-ақ, Қазақ ұлттық өнер уни­верситеті, Қазақ ұлттық хорео­графия академиясы ашылды.

Сонымен қатар, Гүлшара Әб­діқалықова 2016 жылы құрыл­ған Қазақстан театрлары қауым­дастығы еліміздің рухани-мә­дени өміріне және жас­тардың шығармашылық әлеуетін дамы­туға елеулі үлес қоса­тынына, «Қазақстанның Үшін­ші жаң­ғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабі­леттілік» атты Жол­дауда Мем­­лекет басшысы айқын­дап бер­ген мақсаттарды іске асы­руға септігін тигізетініне сенім біл­дір­ді.

«Сахнагер» ұлттық театр сыйлығы еңбекке деген оң көз­қарас қалыптастыратын шы­ғармалар тудырып, елдің біртұтас мәдени кеңістігі аясын кеңейтуге, қазақстандық патрио­тизм­ді дамытуға, ұлттық мәде­ниетке деген сүйіспеншілікті арт­­тыруға қосқан үлесі үшін беріледі.

Соңғы жаңалықтар