Қазақстан • 28 Наурыз, 2017

Елбасы Жолдауы Мәскеуде талқыланды

201 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

​Қандай да бір мемлекеттің даму жолы ол елдің ғылымы мен біліміне тіке­лей байланысты екені анық. Қазір­гі жаһандану заманындағы барлық мемлекеттердің ұстанымы инновац­ия­лық ғылым арқылы дамуға бағытталып отыр.

Елбасы Жолдауы Мәскеуде талқыланды

Жаратылыстану, техникалық және аграрлық ғылым саласындағы жаңадан шығып жатқан инновациялық технологияларды игеріп, жас мамандарды шет елдердің іргелі жоғары оқу орындарында оқытып жатқан елдер қатары қаншама. Шет елдердің озық білім ордаларында робототехника мен мехатроника, компютерлік техника мен микротехникалардың тілін мең­геріп еліміздің үкіметтік органдарында, қоғамдық қазметтерде және жеке кәсіп­керлік саласында жемісті еңбек етіп жатқан жас дарындарымыз же­терлік.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев­тың ел дамуына бағытталған бағ­дар­ламалары мен жыл сайын­ғы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында білім мен ғылымды меңгеруге қатысты көптеген тың ойлар айтылады. Мемлекет бас­шы­сының биылғы Жолдауындағы үшінші жаңғырудың бес басымдығын жүзеге асыру ісі республиканың ғылыми қауымдастығы үшін кең көлемді тал­қы­лау тақы­ры­бы­на айналды. Бұл  стра­те­гия­лық мақсаттарға жетуге мүм­кін­­дік беретін, әлем­дік дең­гейдегі бәсе­­кеге қабілет­тілік­ті қамтамасыз ететін жаңа модель болып табылады. Елі­­міз экономикасының жаңа тех­но­­ло­гия­лар­мен қайта жабдық­талуы, қа­зақстан­дық ғалым­дар­ды инновациялық және цифр­­лы технологияларды жасау­ға қатыс­тыру және агроөнер­кәсіптік кешенді дамыту бүгін­де барлық дерлік жиындарда нақты талқыланып және біртін­деп жүзеге асырылып келе жатқан асқар­лы міндеттер.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қаншама жастар шет елдер­де оқып, білім алды. Биыл­ғы Елбасының Жол­дауы да халық­аралық «Болашақ» бағ­дар­­ла­­масымен Мәскеу қала­сында оқып жатқан магис­транттар, аспиранттар мен док­та­рант­тардың арасында кеңінен тал­қыланды.

К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық уни­верситеті мен Мәскеу ауылша­руашылық академиясында оқи­тын докторанттар ауыл шаруа­шылығы ғылымдарының кандидаты Жомарт Кемешов пен техника ғылымдарының кандидаты Сүндет Кә­рі­мов, яғни осы  жолдардың авторы оқу орындарында оқи­тын қазақ жастарының басын қосып «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» тақырыбы аясында сөз қоз­ғады. Кездесуде Елбасының биылғы Жолдауында басымдық берілген бағыттар әңгіме арқа­уы­на айналып, жастар өз ойларын ортаға салу арқылы аграр­лық саланың дамуы мен ғылым­ға деген көзқарастарын білдірді.

Аспирант Сейілбек Нұрым­бетов «Жа­ңа индустрия­лар құрумен қатар дәс­түрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Бұл – өнеркәсіп­тер мен агроөнеркәсіптік кешен, көлік-логистика, құрылыс секторы және басқа салалар» деген Елбасының сөзін жастарға жан-жақты түсіндіріп, аграр­лық салада болашақта атқарылатын жұ­мыстарға кеңінен тоқталды.

Магистрант Ернұр Жұман­сейіт «Аг­рарлық сектор эконо­миканың жа­ңа драй­вері­не ай­налуы керек», деген Ел­ба­­сы­ның сөзін тереңірек тар­қа­туға тырысты. Қазақстанның агро­өнер­­кә­сіп кешенінің болашағы зор. Ауыл ша­руа­шылығы бойынша біз әлем­де ірі аг­рарлық экс­порт­­тық өнім өн­діруші ел­дер­дің көш басшысы бола аламыз. Күн­­делікті тұтынатын тауарлар­дың сапасы мен биологиялық таза тағам­дарға қатысты ғылы­ми не­гіздемелер қажет. Қазір­гі таңда біздің елімізде шы­ға­рылатын тауарлардың барлығы дерлік брендке айналып, әлемге кеңінен танылуы тиістігін атап өтті.

Докторант Жомарт Өмірбек­ұлы  өз сөзінде «Астық өнімдері бо­йынша біз Еуразияда «нан кәр­зеңкесі» болуымыз керек. Шикі­зат өндірісінен сапалы өң­делген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халық­аралық нарықтарда бәсекеге қабі­летті бола аламыз», деген Елба­сының сөзін алға тартты. Жер­ді пайдалану тиімділігін артты­ру қажет. Суармалы егіс алаң­ын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңей­тіп, 2 миллион гектарға жеткізу маңызды.

Өндірісте сұранысқа ие аг­рар­лық ғылыми-зерттеулерге са­лы­натын инвестиция көлемін арт­тыру керек. Сондай-ақ, ол 2021 жылға қарай азық-түлік тауа­ры экспортын 40%-ға кө­бей­туді толық қолдайтынын айт­ты. Агроөнеркәсіп кешенін дамы­ту­дың жаңа мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында іске асы­ры­луы қажет жұмыстарды тал­дап шыққан болашақ ғылым док­торы агаралық ғылымды алға жылжыту керек екеніне баса назар аударды.

Сол сияқты, Қызылорда облы­сы мен К.А.Тимирязев атын­­дағы Ресей мем­лекеттік аг­рар­лық уни­верситеті және Мәс­­кеу Ауыл­шаруашылық акаде­мия­сының екіжақты келі­сімі нәтижесінде жыл сайын оқитын 200-ге жуық қазақ­стандық студенттер мен Мәскеу болат қорытпалары универси­те­тінде оқитын 300-ге жуық қызыл­ордалық студенттер де өз ойларын білдірді.

Сыртта жүрсе де туған жерінің дамуына бей-жай қарай алмайтын ел жастарының Отанға деген сағыныштары сөйлеген сөздерінен байқалып тұрды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылы Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауын Ресей Федерациясында оқып жатқан қазақ жастары жан-жақты талқы­лап, елге маман болып оралуға, елдің дамуына өз үлестерін қосуға сенім білдіріп тарқасты.

Сүндет КӘРІМОВ

Ресей Федерациясы,

Мәскеу қаласы



Соңғы жаңалықтар