Қазақстан • 28 Наурыз, 2017

Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауып, тұман түседі

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік және солтүстік-батыс аймақтардың басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауып, тұман түседі

Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарында қар жауып, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облыстының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар