23 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №102

426 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 25 ақпан, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды уақытша әкелгенде қосылған құн салығын төлеуден босатудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды уақытша әкелгенде қосылған құн салығын төлеуден босатудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі №351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6359 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 28 тамызда №228 (26289) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды уақытша әкелгенде қосылған құн салығын төлеуден босатудың тәртібін: 5-тармағында «салық төлеушінің бюджеттік сыныптамасының» деген сөздер «бюджеттік сыныптамасы бойынша салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармағының 2) тармақшасында «Есепті» деген сөз «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Министр   Б. ЖӘМІШЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6807 болып енгізілді.