Қоғам • Бүгін, 11:27

Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі кәсіпкер Арсен Томский мәнерлеп сырғанаудан Милан-Кортина-2026 Олимпиадасының алтын медаль иегері Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 көлігін тарту етті, деп жазады Egemen.kz.

Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады

Фото: instagram.com/arsentomsky

Бұл туралы кәсіпкердің өзі «Тарихи жеңістің бастауында тұрған адамға көлік сыйладым» деп жазба жариялады. 

«Михаил Шайдоровтың жетістігі Қазақстан мен шетелдегі миллиондаған адамға шабыт берді. Алайда бұл салтанаттың артында жылдар бойғы күнделікті еңбек, тәртіп пен жанқиярлық жатыр.

Бір кезде Станислав Александрович ұлының биік шыңға жету жолын қолдау үшін өз көлігін сатқан еді. Бұл оқиға маған ерекше жақын. Мен де сенген ісім үшін екі рет көлігімді саттым», деді Арсен Томский.

оо

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды

Сондай-ақ кәсіпкер сыйды табыстау сәтіндегі Станислав Шайдоровтың толқығанын жеткізді.

«Көлікті табыстау рәсімінде Станислав Александрович көз жасын тыя алмады. Бұл – ұлымен бірге ұзақ жолды жүріп өткен және өзінің сенімі олимпиадалық алтынға айналғанын көрген адамның көз жасы. Әр чемпионның артында бір кезде «Мен саған сенемін» деген жан тұрады. Ұлы жеңістер әрдайым сенімнен басталады», деп жазды ол. 

Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді

Соңғы жаңалықтар