Бұл ауылда соңғы 3 жылда бірде бір қылмыс тіркелмепті. Мал ұрлығы мен өзге де құқық бұзушылықтар толықтай тоқтатылған. Аудан орталығынан 64 шақырым қашықтықта орналасқан бұл ауылдық округте бүгінде 118 шаңырақ тату-тәтті тіршілік кешіп келеді.
Тұрғындар бау-бақша өсіріп, төрт түлік бағып, балық шаруашылығын дамытып отыр. Ауыл әкімі Күлпаш Жолдасова округке қарасты 3 елді мекенде де сауда орындары алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатқанын айтады.
Осылайша «Заң мен тәртіп» қағидаты бастамасы аясында ауданда ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 10-ға жетіп отыр.