Аймақтар • 29 Наурыз, 2017

Оралда бір күнде 500 түп көшет егілді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қар кетіп, күн жылына бастағаннан-ақ елді мекендер етек-жеңін жиып, тазалық шараларына кіріседі. Тазалықты сақтау бойынша сенбілік күндері белгіленді.

Оралда бір күнде 500 түп көшет егілді

Орал қаласында  өткен алғашқы тазалық жұмыстарына 4253 қала тұрғыны қатысыпты. Әртүрлі меншіктегі 102 мекеме-ұжым қатысқан тазалық шара­ларының нәтижесінде шаһар көшелері, Орал-Саратов авто­жолының бойы, Деркүл, Бортау ауылдарындағы айналма жолдар маңайы тазартылған.

− Тазалық айлығын жария­лап, сенбілік өткізу – біздің жыл сайынғы дағдымыз. Өт­кен жылы сәуір, мамыр, тамыз, қыркүйек және қа­зан айларында сегіз мәрте сен­бі­лік ұйымдастырылды. Оған жерлестеріміз белсенді қа­тысады. Былтыр Оңтүстік, Алмазов, Некрасов, Мөңкеұлы көшелері мен Зашаған ауылында, Еуразия даңғылында 6746 түп, ал Еуразия көшесі мен Тәуелсіздік көшесінен Жұлдыз шағын ауданына дейін 500 түп түрлі көшет отыр­ғызылды. Биыл да осы істі жалғастырамыз. Тауық жылы Орал қаласында 17 ауланы абаттандыруға 500 млн теңге, екі тынымбақты жөндеуге және абаттандыруға 160 млн теңге қаражат бөлініп отыр, − дейді Орал қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының мең­герушісі Мирас Мүлқай.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

ОРАЛ



Соңғы жаңалықтар