Әлем • 29 Наурыз, 2017

Африкадағы 22 млн балаға шұғыл көмек керек

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Африкада гуманитарлық дағдарыс асқынып барады.

Африкадағы 22 млн балаға шұғыл көмек керек

Нигерия, Сомали, Судан, Йемендегі 22 млн бала шұғыл гуманитарлық көмекке, соның ішінде азық-түлік пен дәрі-дәрмекке зәру, деп жазады Анадолы агенттігі БҰҰ Балалар қорына (ЮНИСЕФ) сілтеме жасап.

"Шұғыл көмек келмейтін болса, Нигерия, Сомали, Судан, Йемендегі құрғақшылық пен әскери қақтығыстың кесірінен 1,4 млн бала қайтыс болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

ЮНИСЕФ-тің төтенше бағдарламалары бойынша директоры Мануэль Фонтейнның айтуынша, 2011 жылы осындай дағдарыс Сомалиде болып, көптеген бүлдіршіннің өмірін қиған еді. 

Фонтейннің айтуынша, қазіргі таңда аймақты азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 255 млн доллар қажет. Бұл қаржының өзі тек бірнеше айға ғана жетеді. 


Соңғы жаңалықтар