Бизнес • 29 Наурыз, 2017

Ірі бизнес дағдарыстан кейін ес жия бастады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2015 жылғы құлдыраудан кейін 2016 жылы Қазақстандағы ірі бизнестің таза табысы 6,4 трлн теңгеге жетті.

Ірі бизнес дағдарыстан кейін ес жия бастады

2015 жылы елдегі ірі бизнес 900 млрд теңге шығындалса, 2016 жылы бұл көрсеткіш керісінше 6,4 трлн теңге табыс болып кірді, деп хабарлайды finprom.kz.

Осылайша, инфляцияға қарамастан, ірі және орта бизнес өз табыстарын қайта қалпына келтіре бастады. Аталған көрсеткіш 2009-2010 жылдардағы дағдарыстан кейінгі 2011 жылғы табыспен тең.

Жалпы, өткен жыл бизнес үшін пайдалы болды. Тіпті шағын кәсіптің өзі 2 трлн теңге табыс тапты. Ал 2015 жылы шағын кәсіп жылды “минуспен” аяқтаған еді.

Алайда, табыстың көбеюі нақты қаржылық табыс тапқан белсенді ірі және орта бизнестің орташа санына байланысты болып тұр. 2016 жылы мұнай бизнес саны 4 мың болса, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 41 пайызға аз.

100 адамнан артық жұмыс істейтін кәсіпорындардың табыс тапқанының саны 2016 жылы 36 пайызға азайса, шығынға ұшырағаны 48 пайызға төмендеді. Дегенмен, салыстырмалы түрде пайда тапқан кәсіпорын саны шығындалғанға қарағанда көбірек. Олардың саны тиісінше, 2,6 мың және 1,5 мың.

Жалпы, ірі және орта бизнестің жалпы жылдық табысы 2016 жылы 40 трлн теңгеге жетті. Соның ішінде негізгі табыс табушылар сату мен қызмет көрсету саласындағылар.

Соңғы жаңалықтар