Мобильдік қосымша негізінде Ұлттық Банктің жұмысы туралы пайдалы ақпараттық ресурсты әзірлеу идеясы ғана емес, реттеушіге және қарапайым қазақстандықтарға ақпарат алмасып, сұрақтар қойып, онлайн режімінде түсініктемелер алуға мүмкіндік беретін интерактивті құрал жатыр.
Өткен жылдың қарашасында іске қосылған қосымшаны наурыздың басындағы жағдай бойынша Play Market және App Store дүкендерінде үш мыңнан аса адам тегін жүктеп алған. Қосымша пайдаланушылардың тәулік ішіндегі сұрақтарына Ұлттық Банктің құзыретті қызметкерлерінен «кері байланыс» алу мүмкіндігін береді. Бұл көптеген сайттарда пайдаланушылардың сұрақтарына жауаптар олардың сұратуларындағы негізгі сөздерді талдайтын арнайы алгоритмдердің негізінде роботтар жауап беретін автоматты консультациялардан әлдеқайда пайдалы. Қосымша жұмыс істеген уақыт ішінде тіркелген пайдаланушылардан мыңға жуық сұрату мен өтініш келіп түсті. Тіркелген пайдаланушылардың негізгі сұрақтары қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбына, банкноттар мен монеталарды сатып алу, сату және айырбастау, банктік қызмет көрсету, төлем карточкалары және т.б. мәселелерге қатысты.
Қосымшаның өзектілігі бірқатар факторларға байланысты. Біріншіден, соңғы уақытта халықтың қаржылық сауаттылығы айтарлықтай өсті, көптеген қазақстандықтар қаржылық қызметтердің белсенді пайдаланушылары болып табылады, валюта нарығындағы жаңалықтарды мұқият қадағалайды, айырбастау бағамын қалыптастыруға әсер ететін факторларды талдайды. Екіншіден, Интернет-технологиялардың дамуы және мобильдік қондырғылардың кеңінен таралуы смартфондағы немесе планшеттегі мобильдік қосымшаны пайдаланушы үшін реттеушінің қызметі мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ұлттық Банкпен шұғыл өзара іс-қимыл жасау үшін ең ыңғайлы құрал етті. Сонымен бірге «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын пайдаланушылар Ұлттық Банк туралы ақпарат пен жаңалықты алғашқылардың бірі болып біледі.
«Тамаша қосымша. Мен оны қуана пайдаланып жүрмін. Басты тиімділігі – үнемі жаңарып отыратын жаңалықтар жолағынан басқа, Ұлттық Банктің мамандарына нақты сұрақ қоюға болады. Ең бастысы – пайдаланылуы қарапайым, жүкте де, пайдалана бер. Бұл «НБК Online» қосымшасының басқа блогтардан ерекшелігі, басқаларында қандай да бір ведомствоға өтініш жасау үшін электронды цифрлы қолтаңба, арнайы софт және т.б. қажет болады», деп жазыпты қосымшаны пайдаланушылардың бірі әзірлеушілерге жазған түсініктемесінде.
«ҚҰБ Online» қосымшасы мынадай негізгі жеті айдардан тұрады: «Банкноттар мен монеталар», «Ипотекалық кредиттер», «Айырбастау операциялары», «Банктерде қызмет көрсету», «Төлемдер», «Банкоматтардың жұмысы», «Өзге».
«Банкноттар мен монеталар» бөлімі пайдаланушыға тозған банкноттар мен бүлінген монеталарды айырбастау туралы, инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату туралы ақпаратты біліп отыруға, бағалы металдардан жасалған монеталарды сақтау жөнінде ұсынымдар алуға мүмкіндік береді.
«Ипотекалық кредиттер» бөлімінде ипотекалық кредиттеу, қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша, төлем жасауға қабілетсіз қарыз алушылармен жүргізілетін жұмыс және т.б. бойынша мазалайтын сұрақтарды қоя алады.
«Айырбастау операциялары» және «Банкоматтар» айдарлары айырбастау пункттерімен және банкоматтармен байланысты мәселелер бойынша жауап алу мүмкіндігін көздейді. Осы жерде қаржылық қызметтерді пайдаланушылар өздерінің пікірінше айырбастау пункттері жол беріп отырған бұзушылықтарға шағымданып, жұмыс істемейтін банкоматтар және тағы да басқалары туралы хабарлай алады.
Өз кезегінде «Төлемдер» бөлімінде банк шотынан төлемдер мен ақша аударымдарын банк шотын ашпай, төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ, халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жүргізу талаптары мен тәртібіне қатысты ақпаратты алуға болады.
«ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының көмегімен алынатын Ұлттық Банк мамандарының консультациялары ақпараттық-түсіндіру сипатында екендігін есте сақтау қажет. Егер пайдаланушыға реттеушінің ресми жауабы қажет болса, мұндай жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделгендей Ұлттық Банкке өтініш жасауға кеңес беріледі. Сонымен қатар әрбір азамат өзін қызықтыратын мәселелер бойынша ресми жауап алу үшін азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес ҚРҰБ басшылығының жеке қабылдауына жазыла алады.
«НБК Online» қосымшасының пайдасы мен артықшылығын айтқанда мұның «екіжақты қозғалыстағы» байланыс арнасы екендігін түсіну маңызды. Егер пайдаланушылар оның көмегімен мамандардың кеңесі мен қаржы нарықтары туралы соңғы жаңалықтарды алатын болса, Ұлттық Банк қызметкерлері бұл құралды пайдаланушылардың көңіл-күй және мүдде индикаторын айқындау үшін пайдаланады, ал оның негізінде азаматтардың өтініштеріне талдау жасау жатыр. Бұл – жұмысымызда пайдаланылатын баға жетпес ақпарат», деп атап өтті ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев.