Өзінің алғысөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев елді мекендердің экономикасы мен ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту жергілікті биліктің алдағы уақытта да бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті.
- Бүгінде аймағымызды дамыту бойынша ауқымды істер атқарылуда. Наурыз мерекесі қарсаңында облыс орталығында жаңа мөлтек аудан пайдалануға берілді. Бүгін 300-ге жуық Шиелі тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері беріледі. Шиелі ауданында 7 мыңға жуық адам баспана салу үшін жердің кезегінде тұр. Енді тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтан 2500 адамға жер телімдері берілетін болады,- деді облыс әкімі.