Бизнес • 31 Наурыз, 2017

Kazakh Invest компаниясының басшысы сайланды

348 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Компанияның директорлар кеңесі осындай шешім қабылдады.

Kazakh Invest компаниясының басшысы сайланды

Мақсат Қабашев "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып сайланды, деп жазады компанияның баспасөз қызметі. 

«"KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылдың 31 наурызындағы шешіміне сай, Басқарма Төрағасы болып Мақсат Қабашев сайланды", - делінген хабарламада. 


Мақсат Рақымжанұлы Қабашев 1967 жылы 1 қаңтарда Қызылорда қаласында туған.

Мәскеу ормантехникалық институтын (1991) инженер-технолог мамандығы бойынша; Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-техникалық университетінің кадрларды қайта даярлау факультетін (2001) инженер-механик мамандығы бойынша; Массачусетс технологиялық институтын (2004) іскерлік әкімшілділік магистрі мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

1991 жылдан - Қазақ мемлекеттік сәулет-Құрылыс академиясының сынақ мерзімінен етуші-зерттеушісі. 1992 жылдан - «Вист» ЖШС директоры. 1993 жылдан - «Қазмұнайхим» ЖАҚ коммерциялық директоры. 1997 жылдан - «Қазақгаз» ТХК бірінші вице-президенті; «Акцепт-клиринг» ЖАҚ вице-президенті. 1998 жылдан - «Қазақгаз» ҰК президенті (Орал қаласы). 1999 жылдан - Мәскеу қаласындағы «Қазақойл» ҰК өкілдігінің директоры. 2000 жылдан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің газ өндіру және тасымалдау басқармасының бастығы 2002 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Технологияны дамыту департаментінің директоры, министр кеңесшісі. 2004 жылдан - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Қазына» ТДҚ» АҚ басқарма төрағасының инвестициялар жөніндегі орынбасары. 2008 жылдан Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқармасының төрағасы. 2009 жылдың қаңтарынан - «Стресс активтері қоры» АҚ басқармасының төрағасы.

2009 жылдың ақпанынан бері - «Альянс банк» АҚ басқармасының төрағасы болған.

«Астана-Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің (2007 жылдан); «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2008 жылдан).

Үйленген. Жұбайы - Тоқсанбаева Айгул Еркінқызы Қызы - Мәдіс (1994 жылы туған); ұлы - Абылай (2002 жылы туған).