23 Сәуір, 2011

Ақ тілектер ағыны

457 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың атына президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған жеделхаттар мен хаттар шетелдік қоғам қайраткерлері мен қазақстан­дық­тардан келіп түсуі жалғасуда. Герман Бундестагының мү­ше­сі, бұрынғы Федералдық министр Михаэль Глос Елбасын президенттік сайлаудағы же­ңі­сі­мен құттықтайды. Одан әрі хатында: «Сіз Қазақстанды тең­десі жоқ экономикалық та­быс­қа, ал халқыңызды бейбітшілікке, жоғары тұрмыс деңгейіне бас­тап әкелдіңіз. Сіздің сай­лау­дағы нәтижеңіз осының айқын айғағы. Сіз еліңіздің дамуы ба­рысын мақтан етуге әбден құқылысыз», деп ең ізгі тілегін жолдайды. Герман Экономикасы Шы­ғыс комитетінің бұрынғы төр­ағасы, профессор Клаус Мангольд құттықтау хатында: «Аса қадірлі Президент мырза! Сіз­дің көреген саясатыңыз, эко­но­микалық алғырлығыңыз, инте­гра­цияға деген ұмтылысыңыз бен ел басқарудағы қажыр-қай­ратыңыз Қазақстанның әлем­де­гі ірі мемлекеттердің ара­сын­дағы маңызды орнын қамта­ма­сыз етуге зор үлес қосқанын соңғы онжылдықтар айқын дә­лелдеп берді», дей келіп, Ел­ба­сы Н.Ә.Назарбаевқа денсаулық, ба­қыт және толайым табыс тілейді. «Жас ғалымдарды қолдауға арналған Президент грантының иегерімін. Жас отбасыларға ар­налған бағдарлама арқасында ипотекалық пәтерге ие болдым. Сізге деген алғысымыз шексіз. Сіздің құрметіңізге тұңғыш ұлым­ның есімін Нұрсұлтан деп қойғанмын. Балам да Сіздің атыңызға кір келтірмей, 4 пен 5-ке оқып жатыр. Ортаншы ұлым­­­ның аты – Ернұр. Қазақ­стан Респуб­ликасын Өзіңіз дү­ние жүзіне паш еткен ЕҚЫҰ-ның саммиті күні келіншегім Мә­дина үшінші ұлым – Ерсұл­танды дүниеге әкелді. Отба­сын­дағы барлығымыз Сізді жақсы көреміз. Осы хатты үш ұлым­ның атынан жолдап отыр­мын», деп жазады Алматы қала­сының тұрғыны Ержан Көлдеев. Батыс Қазақстан облысы, Сай­қын ауылының тұрғыны, Социалистік Еңбек Ері Ескендір Есімов­тің хатында Елбасының батыл бастама­лары мен салиқалы сая­сатының ар­қа­сында Қазақстан хал­қы Тәуел­сіздік тұғырына кө­теріліп, тарихи аз уақытта ел жа­ңарып, халықтың әл-ауқаты арта түскені атап өтілген. Оңтүстік Қазақстан облысының Бәй­дібек, Сарыағаш, Мақтаарал ау­данд­а­рын­дағы этно­мәдени бірлестіктер, әйелдер кеңе­сі, еңбек және со­ғыс ардагерлері, зейнеткерлері, об­лыс­тық және ау­дан­дық мәсли­хат депутаттары, ауыл­дық округ әкім­дері, мектеп және жоғары оқу орын­дарының ұжымдары, еңбек ұжым­дары мен жеке шаруашы­лық же­текшілері аты­нан жолдан­ған құт­­тықтау хат­тарында тәуел­сіз елі­міздің эко­но­микасының жыл сайын артуы, жаңа бастама, жаңа табыс­тары­мен және демо­кратиялық үдерістерімен әлем на­зарын ау­дарып отырғаны, шы­найы мемлекеттік көзқарастың қа­лып­тасып, Отанымыздың гүл­денуі Елбасы­ның есімімен тығыз байла­нысты екені кеңінен баян­далған. Павлодар облысы, Береговое ауылының тұрғыны, зейнеткер Жұпар Успанова, Павлодар ауда­ны бойынша штаб мүшесі Александр Жанғазин, Семей қаласы­ның тұрғыны, сазгер Арғынбек Ахметжанов, ОҚО Мақтаарал ау­д­анының тұрғыны, Батыр Ана Сәрсенкүл Бұқарбаева, Қызыл­орда облысы, Ақмая ауылының тұр­ғыны, Батыр Ана Раушан Нұрым­бетқожаева және «Стройкласс» ЖШС бас директоры Ольга Гостева жолдаған хаттарда Елбасына деген халықтың ыстық ықыласы, зор құрметі, Мемлекет басшысына деген жұртшылық сүйіспеншілігі, сон­дай-ақ Президент жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық жаңару­ларға білдірілген қолдаулары айқын көрініс тапқан.