Аймақтар • 03 Сәуір, 2017

Сағадиев «Абай жолы» көрмесін тамашалады

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Абайдың «Жиде­бай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне келіп, директоры Болат Жүнісбековтың білікті басшылығымен абайтану саласында ерінбей еңбек етіп жүрген ұжым қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен жүздесті.

Сағадиев «Абай жолы» көрмесін тамашалады

Министр Абай өміріне қатысты деректермен таныса келе, Шыңғыстау өңірінің табиғаты, тарихи жерлер жайлы мол ақпараттан хабардар болды. 

Музей директоры Болат Жүнісбеков құрметті қонаққа Абайдың төрт тілде шыққан өлеңдер жинағын сыйға тартты. Кездесу барысында министр Ерлан Сағадиев ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясынан ұлттық этно-мәдени көріністерді тасқа қашай білген, белгілі қолөнер шебері Сержан Бәшіровтің экспозициясын көріп, өте жоғары баға берді. Ал Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ескендіров министрге Абай музейімен өзара рухани тығыз қарым-қатынаста екендіктерін, бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырғандықтарын айтып өтті. 

Раушан Нұғманбекова

Семей

Суретті түсірген автор