Аймақтар • 03 Сәуір, 2017

Атырауда баян-аккордеон аспаптарында ойнаушылардың халықаралық сайысы өтті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Атырауда баян-аккордеон аспаптарында ойнаушылардың «Еуразия кубогі» І халықаралық сайысы өтті.

Атырауда баян-аккордеон аспаптарында ойнаушылардың халықаралық сайысы өтті

Жас орындаушылардың шығармашылығын, кәсіби біліктілігін дамытып, жаңа есімдер анықтауды мақсат еткен байқауға Қазақстан мен Ресейдің әр өңірінен 27 үміткер, 8 ансамбль қатысты. Олардың өнерін Ресей халық әртісі, Воронеж өнер академиясының профессоры Александр Скляров бастаған қазылар алқасы бағалады. Төрт күнге созылған өнер додасында баян-аккордеон аспаптарында орындаушы ансамбльдер арасында астаналық «Аллегро» ансамблі жеңімпаз атанды. 

Жоғары оқу орындары арасында «Астана» ансамблі ең үздік өнер ұжымы атағын иеленді. Ал орта арнайы оқу орындарындарының студенттері арасында Павлодар қаласынан келген Руслан Нұрланов бірінші орынның тұғырынан көрінді. Жоғары оқу орындарының студенттері арасынан бас жүлде атыраулық Баубек Өмірғалиға берілді. 

- Баян-аккордеон аспаптарында шебер ойнайтын өнерлі жандар аз емес, бірақ соңғы кезде бұл аспаптарға жеткілікті көңіл бөлінбей кетті. Мұндай байқаулар өнерпаздар арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуларына мүмкіндік береді, - дейді Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның директоры Ғаділ Дүйсенғалиев.

Бақытгүл Бабаш,

«Егемен Қазақстан».

Атырау


       



Соңғы жаңалықтар