Қазақстан • 05 Сәуір, 2017

Жетістіктер жобасы

234 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлттық музейінде «Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп» және «Жетістік энциклопедиясы» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Жетістіктер жобасы

Шараға мемлекет пен қо­ғамның барлық маңызды са­лаларында табысты еңбек етіп жүрген ер-азаматтар мен да­ң­­қты әйелдер қа­тысты. Кі­тап­тың мазмұны тәуел­сіз мем­­ле­ке­тіміздің қалыптасу жо­лын­да аянбай еңбек сіңірген аза­­мат­тардың өмір­баяндық та­ри­хы мен портреттік га­ле­рея­сымен то­лыққан.

Жиында сөз алған идея авторы Гуля Бабулова аталмыш жо­ба әрі қа­рай жалғасын табуы мүмкін еке­нін айта келіп:

– 2014 жылы «Жаңа дә­у­ір. Табыс коды» жобасын бас­та­­ған болатынбыз. Бү­гін екін­ші, үшінші кіта­бын жа­рық­қа шы­­­­ғарып оты­р­мыз. Пре­зи­де­н­ті­­міз Н.Назар­баевтың «біз жа­­ңа қа­­һар­­мандарды жасауымыз керек» де­­ген сөзін естіген бой­да, осындай жо­­ба жасасам қайтеді деп ойланып қалдым. Ақыры идея­ны жүзеге асырып, қоғамның әр са­ласында қызмет ететін түрлі адам­дар туралы естеліктерді бір топ­­та­маға жи­на­дық. Олардың әр­қай­сысы – өз ең­бек­терімен биік­ке кө­терілген, ел мүддесіне қыз­мет етіп жүрген жандар. Шын мәнінде, ондай үздіктер өте көп. Жобаны жасау кезінде қан­ша­ма жайсаң жандармен та­нысып, та­бысып кеттік, – деді.

Ұлттық музейге жиналған бү­гінгі қаһармандар ерлігі мен ең­бе­гіне тоқталып өткен ол, көп­ші­лік­ке ұсынылып отырған эн­цик­ло­педиялық жинақтың ма­ңызы мен мақсаты туралы ай­тып өтті.

− Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп. Выдающиеся женщины Казахстана: Созидая меч­ту» кітабын шығарудағы бас­ты мақсат – қазақстандық әйел­д­ер­дің еліміздің тәуелсіздік алуы мен мемлекеттігімізді қа­­­лыптастыруға қосқан үлесі жай­­­­лы құжаттық куәлік қал­ды­ру. Басылымға саясат пен би­з­-

нес­­те, қоғамдық өмір­де, білім мен спортта, өнер саласында, бі­лім беру және ме­дицина са­ла­сында же­ті­с­тік­терге жеткен әйелдер ту­ра­лы очерк-

тер ен­гізілген, – деді Г.Бабулова.

Кітапқа енген кейіп­кер­лер­дің бірі Сиязбек Далиев – парали­м­пиа­да ойындарының чемпионы, жү­зуден халық­ара­лық дә­ре­жедегі спорт шебері. Өзі­­­нің ай­туынша, 12 жа­сында ауыр жа­рақат алып, екі қо­лы­­нан айы­рылған.

«Басында өте қиын болды, – деп еске алады Сиязбек, – Жат­тық­ты­рушым мені үйрету үшін, алдымен өзінің қолын бай­­лап тастап, жүзіп көрсетті. Мен суға батып кетем деп қат­­­ты қорқатын едім. Дегенмен, бір апта ішінде жүзуді үйреніп ал­­дым».

Жарты жылға жетпей жү­­зу­ге әб­ден төселіп ал­ған Сиязбек қа­ла­аралық тур­­нирлерде бақ сынап жү­ріп, же­­ңісті жолын әрі қарай жал­­­ға­с­тырды. 2011 жылы Араб Әмір­­­­лігінде өткен I Дүние­жү­­зі­лік паралимпиада кезінде алтын ме­дальға қол жеткізеді. Ба­сылымда Сиязбек сияқты қо­ғам өмірінде бел­сен­ділігімен кө­зге түскен, отбасы мен балалар игілігі үшін үлес қосып жүр­ген қарапайым ел аза­матта­ры ес­керусіз қалмаған. Мы­­са­лы, қос­­танайлық Нұрлан Са­д­ы­қ­ов пен жұ­байы Қарлыға еке­­­уі – көп балалы от­басы. Ба­­­ла­лар үйін­дегі он баланы ба­­у­­ы­­рына ба­сып, асырап-жет­­кіз­ген екеуі, бү­гін­де жа­пы­­ра­ғын кең­ге ­жа­й­­­­ған мәуелі бәй­те­рекке ай­нал­ды.

Үш мың данамен жарық көр­ген кітап Қазақстанның бар­лық кітапханалар жүйесіне та­ратылған.


Ая ӨМІРТАЙ,
«Егемен Қазақстан»


Суретті түсірген
Орынбай Балмұрат,
«Егемен Қазақстан»