Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өткен отырыс барысында 2017-2020 жылдарға арналған ғылымды дамытудың басым бағыттары талқыланды, сонымен қатар, аграрлық ғылым саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді іске асыру және индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жобаларды коммерцияландыруға грант беру мәселелері қаралды.