Фото: gov.kz
Мансұр 23 жасқа дейінгі ерлер (U23) арасындағы 122,5 шақырымдық топтық жарыста екінші болып мәре сызығын кесіп, құрлық біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді.
Бұған дейін ол жекелей сында чемпион атанып, командалық жарыста күміс медаль жеңіп алған.
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
«Бейсембай Мансұр Сауд Арабиясында өткен велоспорттан Азия чемпионатында 24,6 шақырымдық жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды», делінген Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанда мәресіне жетеді. Биыл додада Азия құрлығының 22 елінен 621 спортшы жүлдеге таласып жатыр.
Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды