Әлем • 06 Сәуір, 2017

Қазақстанның даму қағидалары талқыланды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлеймен аталған мемлекеттің ірі ком­па­нияларының өкілдеріне Қа­зақ­стан­да­ғы конституциялық ре­фор­ма­лардың жә­не Елбасы Жол­дауының негізгі қа­ғи­­даларын тү­сіндіру бағытында бри­фи­­нг ұйым­дастырды. Бұл туралы Қа­зақ­­­станның Сингапурдағы елшілігі ха­­барлады.

Қазақстанның  даму қағидалары талқыланды

Қазақстандық дипломат Елбасы ұсынған конституциялық реформалар мемлекеттің сауда-экономикалық әлеуетін нығайтуға және елдің эко­номикалық дамуының болашағы мен ин­вестициялық тартымдылығын арттыруға айтар­лық­тай серпін бере алатынын баса айтты.

Сондай-ақ, шара барысында Мемлекет бас­шы­сының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жол­да-

у­ына айрықша көңіл бөлінді. Елшінің ай­туы бо-

йынша, жаһандық экономикалық бә­секелестіктің артуы жағдайында, Елбасы Н.Назарбаев ұсынған Үшінші жаңғыру атты эко­номикалық өсу моделі экономиканың жо­ға­ры қарқынын қамтамасыз етуге, әлемдегі 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілге­рі­леуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, брифинг шеңберінде Ү.Сүлей­мен сингапурлық іскер топтарды Лянь­юн­ган по­р-

­тындағы Қазақстан және Қытай тер­ми­на­лының мүм­кіндіктерін зерттеуге шақырды.


Соңғы жаңалықтар