Қазақстан • 06 Сәуір, 2017

Рухани байланыстың бір көрінісі

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Минскдегі (Беларусь) елшілігінде Гродно облысы Волковыск қаласы Жастар парламентінің 25 адамнан құралған делегациясы болды. Бұл туралы Қазақстанның Беларусьтегі елшілігі хабарлады.

Рухани байланыстың  бір көрінісі

Басқосуда Қазақстан елшісі Ерғали Бөлегенов Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылығымен еліміздің дамуы, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформалар, Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

Сондай-ақ, Е.Бөлегенов Ұлы Отан соғысы ке­­зінде Волковыск қаласын жаудан азат ету ке­зін­де ерлікпен қаза тапқан қазақстандық Кеңес Ода­ғының Батыры Қазбек Нұржановтың ерлігін ұмыт­пай қастерлеп жүргендері үшін Волковыск қа­ласының басшылығы мен тұрғындарына, сонымен бірге, жастарға үлкен алғысын білдірді.

Айта кетейік, Волковыск жанындағы бауыр­лас­тар зиратында Қ.Нұржановқа арнап ескерткіш орнатылған және сол қаланың «Южный» шағын­ау­данындағы көшелердің біріне батырдың есі­мі берілген. 1978 жылдан бері жыл сайын Отан қорғау күні қарсаңында Олимпиадалық резе­рв-

тегі №1 мамандандырылған балалар-жас­өс­пі­рімдер мектебінде Кеңес Одағының Батыры Қ.Нұржановтың Кубогына арналған жеңіл атлети­кадан облыстық жарыстар өткізіліп тұрады. Бұл ша­ра­ға Қазақстан елшілігі жыл сайын қатысып, ұйым­дастырушылар мен қатысушыларға ауыспалы Кубогты, бағалы сыйлықтар мен жүлделерді тапсырып отырады.


Соңғы жаңалықтар