Қазақстан • 07 Сәуір, 2017

Мәдени байланыстар жайы сөз болды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Афинада Қазақстанның осы елдегі елшісі Алексей Волков Грек Республикасының Мәдениет және спорт министрі Лидия Кониорду ханыммен кездесті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

Мәдени байланыстар жайы сөз болды

Қазақстандық дипломат грек саясаткерін қазақ-грек қаты­настарының тарихы мен мем­леке­тіміздің жетістіктері жөнін­­де, сонымен қатар, екі ел ара­­­сын­дағы дипломатиялық қаты­­­н­ас­тардың 25 жылдығына орай жос­парланған саяси және мә­де­ни іс-шаралар жоспарлары­мен хабардар етті. Сондай-ақ, елші Қа­зақ­станда грек диас­пора­сы мен Грекияда көп­теп т­ұра­­тын бұрынғы отандас­тары­­мыз­дың бар екенін айта оты­­рып, екі мемлекет арасында мә­де­ни ынтымақтастық­ты жан­дан­­ды­ру­дың маңыздылы­ғы­на тоқталды.

Тараптар 2017-2018 жыл­дарға арналған іс-шаралар жос­парына қатысты пікір де алмасты. Жоспарланған іс-шаралар арасында еліміздің ата­қты пианисі, Қазақстан­ның ха­лық әртісі, Қазақ ұлттық кон­серваториясының ректоры Жәния Әубәкірованың Афи­надағы жеке концертін, Гре­кияда қазақ кино туындыларын көрсету мен көркемөнер көрмелерін өткізу бар. Өз тарапынан министр Қазақстанмен мәдениет саласында мазмұнды байланыс­тар орнатудың маңыздылығын атап, көзделген іс-шараларға барынша қолғабыс көрсетуге әзір екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар

«Ақылды» транзиттің мүмкіндігі

Экономика • Бүгін, 08:55

Иманқара үңгірінің құпиясы

Таным • Бүгін, 08:43

Қос нысанның қадасы қағылды

Аймақтар • Бүгін, 08:40