Трамп екі лидердің достық қарым-қатынасты дамыту жолдарын талқылағанын айтты.
АҚШ Президенті Си мырзаны Солтүстік Кореяға ықпал етуге үгіттеп көреді, ал Қытай басшысы Тайвань жөнінде кепілдік алуға тырысады деген жорамал бар.
Трамп мырза келіссөздердің өте қиын болатынын білдірді.
Сайлау науқаны кезінде ол Қытайға қатысты қатаң пікірлер айтқан болатын. Бүгін екі жақ та күлімсіреп отырды, кездесуге екі лидердің әйелдері – әнші Пэн Лиюань мен бірінші леди Меланья Трамп та қатысты деп хабарлайдыбасылым.
Сапар жұма күні іскерлік ланчпен аяқталады.