Қазақстан • 07 Сәуір, 2017

Мергендер мүлт кеткен жоқ

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жалпы білім беретін мектептерде оқитын қыздар арасында нысана көздеуден өткізілген рес­пуб­ликалық турнир қо­ры­тындылары мергендік ұлт­қа біткен қасиет екенін аң­ғартқандай.

Мергендер мүлт кеткен жоқ

Әлия мен Мән­­шүктің өшпес ерлігін қас­терлеу мен үлгі тұту мақсатын көздеген турнир – «Мерген ару-2017» атау­ын иеленген. Жарысқа қатысу­шыларға командалық есеп және нысана көздеп атудан жекелей алға шыққандар бо­йынша арнайы марапаттар тапсырылды. Бірінші орынды шығысқазақстандық оқушы қыздар жеңіп алса, екінші орынға Қарағанды облысының жас мерген арулары көтерілді. Ал үшінші орын олардың ақтөбелік құрбыларының еншісіне тиді. 

– Бұл республикалық турнир ең алдымен ерлікке толы дәстүрлеріміз бен даңқты та­рихымызды тағы бір жаң­ғырту тұрғысынан мәнді болды деп санаймыз. Егемен елімізде дүниеге келіп, тәрбие алып, оқып жүрген бүгінгі қызғалдақтай қыздарымыз Әлия мен Мәншүк апаларына қарап бой түзесе, ой түзесе алға қойған мақсатымыздың орындалғаны. Біз респуб­ликалық турнир кезінде олар­дың бойынан батыр апаларына тән болған намысқойлық пен өр­лікті, өз Отанына деген шек­­сіз сүйіспеншілік сезімдерін көргенде кәдім­гідей риза болдық. Қысқасы, турнир өзінің алдына қойған мақсатын толығымен орындап шыққаны анық, – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова.


Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»


Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар

«Ақылды» транзиттің мүмкіндігі

Экономика • Бүгін, 08:55

Иманқара үңгірінің құпиясы

Таным • Бүгін, 08:43

Қос нысанның қадасы қағылды

Аймақтар • Бүгін, 08:40