Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай тропосфералық ағындардың ауысуы күн райының жылынуына әсер етеді. Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты нормадан 3-7ºС жоғары болады деп күтілуде.
Бірақ, батыс аймақтарда Ресейдің еуропалық территориясынан кезекті циклонның енуімен жаңбыр жауып, екпінді жел соғуы ықтимал.