Аймақтар • 07 Сәуір, 2017

Атырауда «Үздік экскурсия жүргізушісі» анықталды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Атырауда музей қызметкерлері арасында байқау өткізілді. Облыс пен аудан музейлерінен келген 12 қызметкер екі күн бойы сынға түсті.

Атырауда «Үздік экскурсия жүргізушісі» анықталды

Олар өздері қызмет ететін музей туралы бейнекөріністі қорғау, еркін тақырыпта экскурсия жүргізу, тақырыптық тапсырмаға жауап беру сынды байқау шарттарын орындады. 

«Мұндай шара бірінші рет ұйымдастырылып отыр, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипова. – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар кәсіби біліктіліктерін көрсетті».

Қазылар алқасы облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы Динара Бисембаеваны «Үздік экскурсия жүргізушісі» деп таныды.

Бірінші орынға Махамбет ауданынан келген Айдана Мүрсалимова ие болды. Екінші орынды «Хан ордалы Сарайшық» кешенінің қызметкері Жанар Диярова, Ш.Сариев атындағы көркемсурет музейінің намысын қорғаған Кәмшат Тоғаевалар иеленді. Үшінші орынды Исатай, Индер, Қызылқоға аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушілері Мөлдір Тұралиева, Зəуреш Оспанова, Нұржамал Рахметовалар еншіледі.

Ал Құрманғазы аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Ақмарал Мұсағалиева – «Ұлт жанашыры», Жылыой аудандық «Атамұра» музейінің экскурсия жүргізушісі Гүлнар Қожахметова «Көрермен көзайымы» атанды.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан».

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

«Ақылды» транзиттің мүмкіндігі

Экономика • Бүгін, 08:55

Иманқара үңгірінің құпиясы

Таным • Бүгін, 08:43

Қос нысанның қадасы қағылды

Аймақтар • Бүгін, 08:40